Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170710161519084_small.png

Қарағанды облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып соның салдарынан ер адам қаза тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі МИА «Казинформ»-ға  сілтеме жасап хабарлайды.

27 маусым сағат 2-лер шамасында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолында «Ваз» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қарсы келе жатқан жүк көлігін көріп қайта өз жолағына бұрылып үлгермеген.

1976 жылғы ер адам көлікте қысылып қалған. ТЖ қызметкерлері оның денесінің жансыз екенін аңғарған.  Жергілікті полиция көлік апатының салдарын анықтауда.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар