Үшарал-Достық автожолының жөндеу жұмыстары биыл басталады

/uploads/thumbnail/20170710161628853_small.jpg

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитет төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Спикердің сөзінше аталған автожолды жөндеу жұмыстары биыл басталады деп күтілуде. «Бұл мақсатқа биылғы жылдың бюджетінен қаржы қарастырылды. Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мердігерді анықтау бойынша байқау процедураларын жүргізіп жатыр», - деді Амангелді Беков.

Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары мәліметінше келісім-шартқа шілде айында қол қойылады деп жоспарланған. «Жыл соңына дейін ескі жобалық-сметалық құжаттар қайта есептеліп, құрылыс жұмыстары басталады. Бұйыртса, 2020 жылы толық аяқтаймыз», - деді спикер.    

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар