Сирия мен Ирак территориясында "ДАИШ мемлекеті" террористік топ содырларынан босатылғандардың артында діни фанаттарға айналған балалар қалады. Оларды әсілі «халифаттың абдандары» деп атайды. Кейбіреулер мұндай балаларды еріксіз құрбандар деп есептесе, енді біреулер толыққанды террористерге балайды. Қанды соғыс пен терракттерге қатысып жүрген кәмелетке толмағандардың болашағы бар ма? Осы туралы мәліметті Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
«Бұл балалар ешқандайда құрбандар емес. Олар біздің жақындарымыз бен достарымызды аяусыз қырды. Олар өлімге лайықты» дейді Сириялық оппозицияның көшбасшылары. Осындай жеткіншектердің аяусыз қырғынын көрген қоғамдастықтардың өкілдері радикалды үгітке барып отыр. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі кәмелетке толмаған соғысуы балалар түрмеде отыруы тиіс дейді.
«Қазіргі уақытта тек Ирак түрмелерінің өзінде 2 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер ДАИШ-қа ортақтасқаны үшін түрмеде жазаларын өтеуде. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, түрмедегі тұтқын балалар өздерін азаптайтындарын айтады. Тасталған әрі азап көрген олардың өз мемлекеттеріне деген жеккөрініштері өрши түседі» деп жазады танымал The Economist басылымы.

Мектеп оқушыларынан құралған халифа әскері
Экстремистер жағында нақты қанша жеткіншектердің жүргенін тура айту қиын. Брукинг институтының мәліметінше, 7 мемлекеттің ұлттық армиясы мен тағы 50 қарулы топ мыңнан аса балаларды соғыс әрекеттеріне қатысуға дайындап жатыр. Әсіресе, Таяу Шығыста көпшілігі- ұлдар. Алайда әлем бойынша қыздардың 40% террористік әрекеттерге жұмылдырылған.
Еске түсірсек, кәмелетке толмағандарды елдің ішкі қарулы күресіне жұмылдыру- Африка елдерінің бір қатарында етек жайған болатын. Соғысқа қатысып жатқан балалар мен жасөспірімдер туралы «Африканың ең сұмдық дерті» деп айтылған. Сьерра-Леондағы Азамат соғысы кезеңінде 8000-ға жуық адам жеткіншектерден құралған террористік топтардан зардап шеккен. Мәселен Уганда да ұлттық «Құдайға қарсылық армиясы» көтеріліс тобының құрамының 70%-ы - балалар мен жеткіншектер.
Дегенмен, «Ислам мемлекетінің» жас әрі белсенді террористері барлығының алдын орап кетіп отыр. Кәмелетке толмаған жихатшылар жаралы экстремистерге қан өткізіп, көшелерді қарауылдап, тұтқындарды қарап, жазалайды. Сонымен бірге бомбаларды дайындап өз-өздерін жарады, өзге балалармен жеткіншектерді өз құрамдарына қосуға үгіттейді.
Балаларды терроризмге тарту әртүрлі жүргізіледі. Мешіттерде де, көше де оларды алдап-арбап кете береді. ДАИШ мемлекетінің бақылауындағы территорияларда «мультимедиялық насихат» бөлімдері бар. Онда экстремистер балаларға үгіт-насихат роликтерін көрсетеді. Тәттілер, сусындар беріп, дисктер мен буклеттер таратып өздеріне ыңғайлайды. Мектептердің көпшілігі жабық болғандықтан балалар бос жүргендіктен, содырларға өз еріктерімен қосылып кетеді.
Қайта қалпына келу
«Бұрынғы экстремист-балалар қалыпты өмірге қайта орала алады. Мәселен, Нгор Мэйол қазір Американың Джорджия штатында тұрып, жұмыс істеп жүр» деп мәлімдейді CNN арнасы.
Жеткіншек 15 жаста болғанда көтерілісшілер жағында Судан басқармасына қарсы соғысқан.
«Мен адамның тәні- құстармен жәндіктердің жемтігіне айналған жерде өмір сүрдім. Шиеленіс кезінде қаза тапқан адамдардың, достарымның болмысы көз алдыма келеді. Алайда мен соғысқа қатысқаныма өкінбеймін. Оңтүстік Суданның территорясын қорғағаныммен мақтанамын»-дейді Мэйол.
Оның сөзіне қарағанда ол психологиялық зардаптарын ешқандай арнайы қалыпқа келтіру шараларынсыз емдей алған.
Алайда көп жағдайда мұндай жағдайды бастан өткерген балаларға арнайы кәсіби, сапалы көмек керек. Мұндай көмекті ұсынатын арнайы қайырымдылық ұйымдары да бар. Соның бірі Child Soldier International ұйымы. БҰҰ-мен ұйымдастырылған түрлі жобалар мен бағдарламалар да бар. Олардың басты ұраны: «Қарусыздандыру, соғыс ошағынан, әскер қатарынан қайтару, қалпына келтіру».
Ең біріншіден содыр-балаларды экстремистердің ықпалынан босату керек. Көп жағдайда жеткіншектер отбасыларына қайтарылады. Ал өз ата-аналарымен содырлардың қолына табысталғандар арнайы қайта қалпына келтіру орталықтарына жіберіледі. Қайта қалпына келтіру процесі – ең қиыны. Балалар психологтармен, психиаторламен жұмыс істеуі керек. Олар ұзақ уақыт бойы сол экстремистік кеңістіктің ықпалынан шыға алмай, өздерін жалғыз әрі керексіз сезінеді. Аталған балаларды қалпына келтіру орталықтарына жылына 1000-ға жуық жеткіншек келеді. Бұл тым аз көрсеткіш. Балалардың көпшілігі көмек қолын сұрауға қорқады немесе экстремистер тобы оларды жазалап тіпті өлтіруі мүмкін деген оймен жәрдем сұрауға батпайды.
Ирак және Сирия мемлекетінің басшылығы ДАИШ мемлекетінде соғысқан балаларды қайта қалпына келтіру мәселесін қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен жобалар құруды ойластырып жатыр. ДАИШ-тың құрамында болған бұрыңғы содыр-балалар механик, техника жөндеушілер сияқты мамандар атана алады. Алайда ол үшін ақша мен ұзақ уақыт керек. сонымен бірге сапалы мамандарды табу кірістіру- қиын мәселе.
Аударған: Назерке МҰСА