Грекия қалаларының көшелері қоқыс алаңына айналып барады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оған коммуналдық қызмет өкілдерінің 10 күннен астам уақытқа созылған ереуілі себеп болған.
Наразылық шеруіне шыққандар қатаң үнемдеу шарасын қолға алған биліктің мемлекеттік шығындарды қысқартуына қарсылық білдіріп жатыр. Қазір қолқаны қапқан жағымсыз иістен тұрғындар тұрмақ, шетелдік туристер де жапа шегіп отыр.
Оның үстіне аптап ыстық жағдайды одан да бетер ушықтыра түсті. Ал синоптиктердің болжамына сенсек, алдағы күндері сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Шолушы: Айгерім Таубай