Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

/uploads/thumbnail/20170710161657792_small.jpg

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік–конфессиялық қатынастарда зайырлылық моделін ұстана отырып дамуда.

Қазақстанда қазіргі таңда 18 конфессияның мүдделерін білдіретін үш жарым мыңнан астам діни субъектілері ресми түрде тіркелген. Осындай діни саналуандық жағдайында дін саласындағы негізгі үдерістер мен үрдістерді елеп-екшейтін мемлекеттік саясатты жаңадан ой елегінен өткізуді күн тәртібіне қойып отыр. Осы тұрғыда, Министрікпен әзірленген және таяда Елбасы жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңызы зор.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық.

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік–конфессиялық қатынастарда зайырлылық моделін ұстана отырып дамуда.

Қазақстанда қазіргі таңда 18 конфессияның мүдделерін білдіретін үш жарым мыңнан астам діни субъектілері ресми түрде тіркелген. Осындай діни саналуандық жағдайында дін саласындағы негізгі үдерістер мен үрдістерді елеп-екшейтін мемлекеттік саясатты жаңадан ой елегінен өткізуді күн тәртібіне қойып отыр. Осы тұрғыда, Министрікпен әзірленген және таяда Елбасы жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңызы зор.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық.

Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын дінаралық келісімнің қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласын реттеу мен жетілдіруді көздеп әзірленген.

Жалпы, Тұжырымдаманы әлемде қалыптасып отырған геосаяси жағдайларды, ішкі және сыртқы қауіптерді ескере отырып Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға негізделген кешенді құжат деп қабылдауымыз қажет.

Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын дінаралық келісімнің қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласын реттеу мен жетілдіруді көздеп әзірленген.

Жалпы, Тұжырымдаманы әлемде қалыптасып отырған геосаяси жағдайларды, ішкі және сыртқы қауіптерді ескере отырып Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға негізделген кешенді құжат деп қабылдауымыз қажет.

ТҰЖЫРЫМДАМА РУХАНИ ДАМУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

 

Мұқан Исахан, дінтанушы

 

Осы уақытқа дейiн руханиятқа адал қызмет етіп, жалпыадамзаттық құндылықтарды санаға сіңірген дiннiң адам өмірінен алатын орнын терең түсiндіру өте маңызды. Дiннің атын жамылып, әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған экстремизм қаупi Қазақстанды да айналып өтпейтіні белгілі. Оның үстіне қоғамда дiншiлдiк деңгейi күн санап артуда. Дiн саласында оңтайлы мемлекеттiк саясат қалыптастыру – күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда дiн саласында тиiмдi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру өте маңызды болғандықтан, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Тек ҚР Президенті қол қойғаннан кейін жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Тұжырымдамада қамтылған дін саласындағы ауқымды ойлар жүзеге асса, қоғамда тұрақтылық орнап, рухани жаңғыру үрдісі жеделдейтіні мәлім.

Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамаcы – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауымен үндескен маңызды құжат.

Тұжырымдама ішкі және сыртқы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталып, экстремистік сипаттағы діни ағымдардың бүлікшіл әрекеттеріне тосқауыл қоюды мақсат етеді. Өйткені, діни алауыздық – мемлекеттің зайырлы қағидаттарын мансұқтап, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіреді.

Қоғам әлемдік жаһанданудың сын-тегеуріндеріне жауап бере алатын әлеуметтік даму мен рухани жаңғыруға мұқтаж.

Тұжырымдамада мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, мемлекеттің зайырлылығы жөнінде туындап жатқан толассыз мәселелер, қоғамда діни қағидаттарды, құлшылықты зайырлы мемлекет төңірегіндегі мекемелерде орындау немесе орындамау, сыртқы келбетке байланысты талаптар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары сияқты т.б өзекті мәселелер қарастырылған.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынған тұжырымдамада қамтылған негізгі мәселелер:

1. Мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтып, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету;

2. Дін саласын бақылау жөніндегі Заңнаманы жетілдіру;

3. Ел азаматтарының діни көзқарастарының заңмен қорғалуын қамтамасыз ету;

4. Діни деструктивті ағымдардың ұлттық қауіпсіздікті, зайырлы мемлекеттің конституциялық негіздерін бұзуына жол бермеу;

5. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырып, этносаралық және конфессияаралық бірлікті одан әрі нығайту.

Тұжырымдамада қоғамда дәстүрлі рухани құндылықтарға, эволюциялық дамуға, зайырлы мемлекет қағидаларына негізделген ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздеп, діни экстремизмге қарсы қоғамның иммунитетін қалыптастыратын нақты шаралар ұсынылған.

Өз бетімен діни білім алуға аттанып, ол жақта экстремистер мен радикалдардың арбауына түсіп, террористік ұйымдардың қатарын толтырып жүрген жастарымыздың бар екенін жасыруға болмайды. Білім алу тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және т.б. мәселелерімен бетпе-бет келген ата-аналар арнайы хат жазып, осы мәселені заңмен реттеуді ұсынуда.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, діни білім алу үшін ұсынылатын шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарының тізімін жасақтады. Яғни, шетелдерде діни білім алғысы келетін азаматтар ҚМДБ белгілеген оқу орындарында ғана білім ала алады.

Тұжырымдама жаңа геосаяси, ішкі және сыртқы қатерлер аясында Қазақстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыстар ресми түрде тіркелген діни бірлестіктер мен азаматтық қауымдастықты тартумен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың тығыз әрекеттестігі арқылы жүзеге асырылады. Тұжырымдамада еліміздің дамуының зайырлы қағидаты тұрғысынан дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бағым бағыттары дұрыс айқындалған. Сондықтан Тұжырымдаманы тәжірибелік іске асыру мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуінің қазақстандық үлгісін дамытудың алғышартын қалыптастырады.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырындағы жетістіктерді тиянақтап, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге сеніммен қадам басқан Қазақстан мемлекеттің зайырлы дамуының конституциялық қағидаттарын ұстанады.

Қазақстандықтардың діни және этномәдени әрқилылығына қарамастан, жалпыұлттық бірлік пен келісімнің қалыптасқан үлгісі – елімізді мекен еткен әртүрлі конфессиялардың жалпы әлемдік дамуға қосқан қомақты үлесі.

Діни наным – жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, рухани үйлесімді, әлеуметтік қарым-қатынастар мен азаматтардың санасындағы әлеуетті қамтитын айрықша сала. Сондықтан дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің ұсынылып отырған тәсілдері мен мемлекеттік саясат қағидаттары елдің өзгешеліктерін және халықтың мәдени-менталды ерекшеліктерін ескеретін айрықша сипатқа ие.

Бақытжан Сатершинов,

«Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы

 

Тұжырымдама – зайырлы еліміздің даму кепілі

Діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми теориялық негіздерді айқындауды негізгі мақсат еткен Тұжырымдама «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының бағыттарына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен сәйкес келеді.

Министр Н.Ермекбаев елдегі дін саласын реттеу заңнамалық, басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтау барысында тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін атап өткен еді. Мазмұны жағынан Үкімет қаулысымен бекітілген тұжырымдама дайындау талаптарына сәйкес келетін құжаттан жалпы рухани санада тұрақты және үйлесімді дамуды, жаңғыруды қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мемлекеттің зайырлылық қағидатын нығайту, кез келген діни радикализмді болдырмауды негізге алған, бір сөзбен айтқанда, дін саласындағы проблемаларды шешуге арналған құжаттың, діни ұстанымы жағынан алуан түрлі қоғамда аса қажет екені анық.

Тұжырымдамада елімізде діни білім беру жүйесін реттеу, жасөспірімдерді  діни қызметке заңсыз тартудың алдын-алу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін бір ізге қою тәрізді көптеген мәселелерді шешу қарастырылған. Дінді ұстанатын азаматтарымыздың діни рәсімдерді орындаудаға қолайлы жағдай жасау тұстары да назардан тыс қалмаған.

Тұжырымдамада зайырлылық қағидаттарын мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау, қарулы күштер, БАҚ, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларында кеңінен орнықтыру жолдары көрініс тапқан.

Діни қaйшылықтaр негізінде туындайтын радикализммен бaйлaныстағы келеңсіз үрдістер бой көрсетіп отырған бүгінгі уақытта қоғам мен мемлекет тұрақтылығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясатта жан-жақты қарастырылған ұстанымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше.

Осы ретте, діни бірлестіктердің толыққанды қызмет етуін қамтамасыз етуге, дін саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге, деструктивті діни ағымдардың идеяларының таралуына тосқауыл қоюға және азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына басымдық беруге ерекше назар аудару – Тұжырымдаманың оңды тұсы деп толық сеніммен айтуға болады.

Жалпы, дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты дұрыс және ұтымды қалыптастыруды мақсат еткен осы Тұжырымдаманың маңызы 

 

 

 

Қатысты Мақалалар