Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салу жұмысы басталды

/uploads/thumbnail/20170710161659914_small.jpg

Ақмола облысының Атбасар қаласында бұрынғы қалпына келтіруге болмайтын және су көп келген үйлердің тұрғындарына 11 үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Атбасар ауданының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

26 мауысым күні 1- мөлтек ауданының аумағында жаңа көпқабатты кешендердің алғашқы құрылыс жұмыстары бастау алды. Баспасөз - қызметінің мәліметінше бірінші күннен-ақ техника мен контейнерлер әкелінді. Экскаватор бірінші қазаншұңқыр қазды. Сол жерде геодезистер жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, су тасқыны кезінде  650 астам объект зардап шекті. Соның ішінде 644 тұрғын үйлер, Атбасар қ. №1 орта мектебі, «Есіл» қала сыртындағы сауықтыру кешені, көліктік коммуникациялар.

Тексерілген объектілердің 467 үй сарапшылармен апаттық деп саналды, оның ішіндегі 36 қирап қалды. 168 үй жөндеу жұмыстарына жатады.

Ақмола облысынің әкімі Мәлік Мырзалин  Көкшетау қаласында өткен баспасөз – конференциясы барысында облыстық бюджеттен Атбасар ауданына тасқын салдарын жою үшін 513 миллион теңге бөлінді деп хабарлады. Бұдан басқа, арнайы ашылған қайырымдылық есеп шоттан 30 миллион 500 мың теңге аударылды.  

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар