Мұнай экспорттаудан Қазақстанның басты сауда серіктесі Қытай аяқ асты мұнай сатып алуды қысқартты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Осы жылдың соңғы 4 айында шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуды 2 есеге қысқартқан. Нақтырақ айтқанда 1,5 миллион тоннадан 706,4 мың тоннаға дейін қысқарған. Энергоресурстардың бағаларының өсуі есебінен мұнай сатылымының қысқаруы қатты білінген жоқ. Қазақстанның көмірсутек сатып алатын 35 елдің ішінде экспорттың төмендеуі аталған елдерідің 18-де білінген. Соның ішінде Қытай мұнай сатып алудан ең төмен көрсеткіш көрсеткен.
Оған қоса Испания мен Жапонияға экспорт төмендеген.