Этнос өкілдеріне республикалық семинар-тренинг өткізілді

/uploads/thumbnail/20170710161704154_small.JPG

 

         29 маусым күні  Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тілдерді дамыту мен қолданудың                                              2011-2020 жылдарға арналған   Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы негізінде  «Жексенбілік мектептерде  қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация»  атты республикалық семинар-тренинг өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

         Семинар  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы  «Мемлекеттiк тiлдi үйрету   элиталық курсы» мәдени мекемесімен бірлесіп  ұйымдастырды. Республикалық семинар-тренинг «Эдельвейс» конференц залында өтті. Шараға  тіл оқыту орталықтарынан жетпіске жуық әдіскер мен оқытушы келді.

         Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың респуликалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к. Тілешов Ербол Ердембекұлы осы шараның өзектілігі мен мақсаттарын айшықтап, құттықтау сөз сөйледі.

 

 

«Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің директоры Бақтыбаева Сәуле Қайырлықызы Ербол Ердембекұлының сөзін жалғап, оқыту курстарында мәдени-тілдік бой үйрету сабақтарының құрылымы мен мазмұнын талдай келе, жоба ерекшеліктері жайында былайша ой түйді:

 «Бұл жобаның негізгі мақсаты тілдерді оқытудың озық әдістемелері бойынша және басқа да озық тіл үйрету құралдарының көмегімен түрлі этностық топтардың тыңдаушыларына мемлекеттік тіл мен ана тілдерін үйрету болып табылады. Бұл біздің алдымызға: қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру; тіл, мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар арқылы тыңдаушылардың бойында толеранттылық қарым-қатынас әдебін қалыптастыру міндеттерін қояды. Сондықтан, қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері мәдени ортасына бой үйретіп, тілдерді меңгеруіне, тарих пен мәдениетті, бай салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды әрбір тыңдаушылардың жас ерекшелігіне қарай бойына сіңірту үшін, біз ең алдымен кадрлар дайындауымыз керек».

        Көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент Асанбаева Сәуле Асанбайқызының қазіргі тіл үйрету жүйесінде көптілді полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру туралы баяндамасымен жалғасты. Семинар барысында баяндамалар оқылды, тіл үйретудің психологиялық аспектілері туралы тренинг өткізілді. Тренингті EDTECH халықаралық білім орталығының Бас директоры, Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы жүргізіп, тіл үйретудің психологиялық тұстарын дәлелденген практикалық жұмыстар арқылы талқылады.

Сонымен қатар,  Қазақстандағы этникалық оқыту орталықтары да қазақ тілі мен этнос тілдерін оқытушылар көрсеткен сабақ үлгілеріне ұласты. Сабақ үлгілерінің қатарында Г.Қ.  Жұмағалиева, элиталық курс пен мектеп оқытушылары Г.Қ. Жұмағалиева, А.Ж. Түктібаева, Н.Е. Доспанбетова, Қ.М. Еспаева, Г.М. Нұрғазина, Н.И. Жұбанышева, Ш.С. Садуова, Н.С. Мейрманова, А.Ә. Әубәкірованың жұмыстары көрсетіліп, талданды. Қатысушылар семинар-тренингте тіл үйретудегі әдістер мен инновация, тәжірибенің талқылануы арқылы мемлекеттік тілді оқыту жұмыстары жетіле түсетініне көз жеткізді. 

 

 

 

 

Семинар-тренингте Е.П. Литвинова, Д.Б. Абдувахапова, Х.В. Санху, С.Г. Аргиропуло, З.М. Алиева, М.А. Байрамкулова сынды түрлі ұлт өкілдері тілдерін оқытудағы инновациялық әдістер мен тәжірибе мәселесін көтеріп, семинарға дайындаған жаңа үлгідегі сабақ үлгілерін көрсетті.

 

 

Семинардың қорытынды бөлімінде облыстар мен аймақтардан келген қатысушыларының пікірі тыңдалып, әдіскерлер мен оқытушылар шарадан түйген тұжырым, ұсыныстарымен бөлісті. Қатысушылар өз сөздерінде ұйымдастырушыларға пайдалы семинар-тренинг үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Семинар соңында Е.Е. Тілешов өткізілген шараның барысы мен нәтижесін талдап, республикамыздағы облыс, аймақтарынан келген оқытушылар мен әдіскерлерге сертификаттар табыстады.

Бұл шара Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік және ана тілдерін меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бағамдайды. Бұл бағытта елімізде ортақ жүйе жасау қажеттілігі аса өзекті. Өйткені, курстарды ұйымдастыруда болсын, оларды қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуде болсын қажетті жүйе әлі де тек қалыптасу деңгейінде ғана. Ең бастысы, мұндай жұмыстар қазақстандық отаншылдықты қалыптастыруға да ықпал етеді. Соған орай, көптілді білім беру, тіл үйретудегі қолданылатын әдіс-тәсілдер, тілдік саясат және мемлекеттік тілді оқыту жұмыстары осындай шаралар арқылы жетіле түсіп,  тіл болашағына жарқын жол ашарына сенімдіміз.

Жексенбілік мектептерінің жұмысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренинг келесі мақсат-міндеттер орындалды:

- тілдерді меңгерту мен оқытудың әдістемесін біріздендіру:

- тіл оқыту орталықтарында және элиталық курста тіл үйретудің психологиялық аспектілерін талдау;

- тілдерді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені   зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;

- өзге ұлт өкілдерінің өз ана тілдерімен қатар мемлекеттік тілді меңгеруін ынталандыру;

- оқытуды және оқу бағдарламаларын жүйелеу, соған қажетті оқу-әдістемелік құралдар  әзірлеу және басып шығару;

- тілдерді  оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру.

Қатысты Мақалалар