Калифорнияда орман отқа оранып, қымбат ғимараттарға қауіп төніп тұр деп хабарлайды 24.kz Әсіресе Лос-Анджелестің солтүстігіндегі Бербанк қаласында өрт өршіп тұр. Мұнда әйгілі Уолт Дисней және Эн-Би-Си студиялары орналасқан. 50 үйдің тұрғынына шұғыл түрде өзге жерге көшуге нұсқау берілді. «Үлкен жарылыс теориясы» сериалына түсіп, атағы шыққан актер Джонни Галецкидің үйі күлге айналды. Тілсіз жаумен ондаған өрт сөндіруші арпалысып жүр, оларға көктен көмек беруге тікұшақтар жұмылдырылған. Орманның өртенуіне Калифорнияда күннің күрт ысуы себеп болды.