Екі қазақстандық Мәскеуде ақша бопсалаумен айналысқан

/uploads/thumbnail/20170710161727742_small.jpg

Полицейлер Ресейде тұрып жатқан Қазақстан тумаларын епископтан 55 мың долларды тартып алды деген күдікпен әуежайда ұстады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Мәскеу қалалық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

«Сәрсенбі күні кешкісін Домодедов әуежайында 27 жастағы ер адам мен 23 жастағы қыз  37 жастағы шіркеу қызметкерінен 55 мың доллар бопсалады деген күдікпен ұсталды. Болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды» деді полиция өкілі.

Епископ полицияға шағым түсірген. Мәскеу көшелерінің бірінде белгісіз біреулер епископты ұстап алып 55 мың доллар талап еткен. Оны бермеген жағдайда ол туралы деректер бар екенін және жариялайтынын айтып қорқытқан.

Шағым түсіруші әуежайға барып, жалған ақшаны тапсыру барысында бопсалаушыларды ұстады. Оған полиция,  ФҚҚ қатысты.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар