Қай қаланың оқушысы ҰБТ-да ең жоғары бал жинағаны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170710161729880_small.jpg

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов баяндады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

«Ең жоғары балл жинаған Алматы қаласындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ бітірушісі Тасан Саят Елтайұлы. Ол 139 балл жинады. Сонымен қатар, 7 адам – 138 балл жинады. 2017 жылы ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шара штаттық тәртіпте өтті. Халық ҰБТ жаңа форматын жақсы қабылдады», - деді ол.

Спикердің сөзінше Қазақстан бойынша бес пәннен орташа балл 80,5% құраған. Былтырғы жылғы көрсеткіш 81% болған. «Шектік деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517, оның ішінде 60-65 балл 5935, 66-119 балл 52 717, 120 – 139 балл 5 064. Шектік деңгейден өте алмағандар саны 14 066 адам», - деді Р.Әлімқұлов. 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенованың мәліметінше қажетті балды жинай алмаған түлектерге Білім және ғылым министрлігі өткен жылғыдай ҰБТ мен кешенді тестілеуді қайталау түрінде қайтадан тапсыруға мүмкіндік берді. «Ол үшін талапкерлер тамыз айының 1-9 аралығында ЖОО-на барып, өз құжаттарын тапсыруы тиіс. Егер де қайталауды тапсырған кезде керекті балды тағы да жинай алмай қалатын болса, онда ЖОО-на барып бір семестрге шартты түрде алуына өтініш білдіруіге болады. Қабылданған жағдай да бір семестрді ақылы түрде оқып, қыста кешенді тестілеуді қайта тапсыруы керек. Бұл жерде түлектің білімге деген құштарлығы мен ата-анасының жауапкершілігі маңызды орын алады», - деді спикер.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар