Сирияда Башар Асадтың портреті бейнеленген банкнот таныстырылды

/uploads/thumbnail/20170710161818791_small.jpg

Сирия президенті Башар Асадтың портретімен алғашқы рет ұлттық банкноттар пайда болды. Мемлекет басшысының суреті 2 мың фунт ақшасында бейнеленген, деп жазады Қамшы ақпарат агентттігі. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

2 маусым күні, жексенбіде Сирия орталық банкінің басшысы Дурайд Дургам ақшаны таныстырып, сол күні-ақ айналымға шығарды. Оның сөздеріне қарағанда, таралым бірнеше жыл бұрын басылған, алайда айналымға шықпауына соғыс пен айырбас бағамының ауытқуы себеп болған.

Жаңа банкнот 4 АҚШ долларына тең. Бұл уақытқа дейін Сирияның ең ірі ақша белгісі 1 мың фунт болған еді, онда 2000 жылы дүниеден өткен президент, Асадтың әкесі Хафез әл-Асад бейнеленген. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар