Жаһандану заманында ақпарат ағымы толастап дамыған сайын, оның сарқылмас күшін өз пайдаңа жарата біліп, керегін алып, керексізін қалдырып осы ақпаратты қажеттілігіңе қолданып өзіңді жетілдіруің керек.
Ақпарат- бұл бүгін. Жаңалық –бүгін. Кешегі, бір сағат бұрыңғы ақпарат жаңалық емес. Ақпарат беретін көздер де, оны оқитын, қабылдайтын көздер мен түйсіктер де жетерлік. Алайда сол толассыз ақпарат ағымында барлығын бірдей қабылдау, оқу, қарау маңызды ма? Ақпараттың қажетсіз, қажетсіздігін, маңызды маңызссыздығын адамдарға жастайынан бастап қабылдауға үйрету керек. Жас ұрпақты қазіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен анализдерге дайындау, адамды оны түсінуге оның психикасына әсер білуге үйрету болып табылады.
Қазіргі ақпарат қажеттілігі дәуірлеген ғасырда, ақпараттың тізгіншілері – журналистердің кәсіби сауаттылығын медиа білім беру арқылы арттыру қажет. Сондықтан, журналистерге сапалы білім беру, білікті маман дайындау керек.
ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам ғасыры. Осы орайда балаларды, жастарды ақпараттық тұрғыдан сауаттандыруға көңіл бөліну керек. Яғни, жастар кішкене кезінен бастап медиаға көңіл бөліп өсуі тиіс. Қазіргі таңда жастарды осы бағытта сусындатып жүрген арнайы медиапедагоктар да бар. Олардың ішінде Л.Мастерман (L.Masterman) қазіргі әлемдегі медиабілімнің маңыздылығы мен басымдығын айқындайтын жеті себебін негіздеп берді:
-Медианы тұтынудың жоғары деңгейі және қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының шектен тыс көптігі.
-Медианың идеологиялық маңыздылығы, өнеркәсіптің саласы ретінде олардың аудиторияның санасына ықпалы.
-Медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны басқару және тарату тетіктерінің күшеюі.
-Негізгі демократиялық процестерге медианың ену интенсивтілігі.
-Барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат маңыздылығының артуы.
-Болашақ талаптарға сәйкес бағдарланған оқушыларды, студенттерді оқытудың қажеттілігі.
-Ақпаратты жекешелендіруде ұлттық және халықаралық процестердің ұлғаюы.
Жастар санасын меткеп шағынан бастап медиаға бейімдеу, білім беру саласында арнайы жабдықтарды қолдану - олардың сыни ойлау қабілетін, жан-жақтылығын дамытады. Ақпараттық технологияларды білім беру саласында қолдану арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Арайлым Мелдешова