«Экстрасенстер бәйгесінің» 2-бөлімінің жеңімпазы тәуіп Зулия Раджабова «жоғарыдан келген» ақпаратымен бөлісті. Бұл туралы De-Facto хабарлайды.
Ол бұрынғы КСРО құрамында болған үш мемлекетте орын алмақ саяси өзгерістер турасында баяндады. Тәуіптің сөздеріне қарағанда, 2017 жылы үш мемлекетте түбегейлі өзгеріс орнайды, ол өзгерістер мемлекеттердің болашағына үлкен әсерін тигізеді.
«Төңкеріс нәтижесінде 3 мемлекеттің басшылары тақтан құлайды: екеуі азаппен өледі, біреуі қашып үлгереді. Алайда қашқынның өмірі қайғыға толады: бәрі оны қылмыскерге балап, бірігіп іс жүргізуден бас тартады. Өмірі де ұзақ болмайды», - деп жорыды көріпкел.
Зулия Раджабова үш мемлекеттің атын атамады. Уақыты келгенде адамдардың өздері бар жағдайға куә болатынын айтты. Айтуынша, қайғылы жағдайлардың орын алуына да аз қалған көрінеді.
Шолушы: Гүлім Жақан