Қытайдың оңтүстігі мен орталығында жауған нөсер соңы тасқынға айналды. Табиғаттың тосын мінезінен 33 адам ажал құшты. Тағы 15 – жоғалғандар санатында деп жазады 24.kz. Жауын-шашыннан кейін аймақтағы 60 өзеннің су деңгейі көтерілді. Сондықтан шаһардың көшелері де көлге айналған. Ал тұрғындар ешқайда шыға алмай, тасқын судың құрсауында қалды. Өткен айдың ортасында басталған жауыннан әсіресе Хунань провинциясы қатты зардап шекті. Мұнда ағын су тұрғын үйлерді қиратып, жолдардан жыра жасаған. Жергілікті билік өкілдерінің есебінше жауын шашыннан ел экономикасына 1 бүтін жүзден 22 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келді. Ал елдің солтүстігінде жағдай керісінше. Бұл аймақтың тұрғындары аптап ыстықтан зардап шегіп жатыр. Жергілікті метеорологтардың айтуынша, мұнда ауа температурасы 40 градусқа дейін жоғарылаған.
Пікір қалдыру