Қарағандыда ер адам әйелін жұмыс орнында ұрып сол мекемені тонап кеткен

/uploads/thumbnail/20170710162023460_small.jpg

Қарағанды облысында ер адам өз әйелі жұмыс істейтін компьтерлік клубқа келіп оны ұрып тастаған. Содан кейін клубты тонаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бұл қылмыс Сатпаев қаласында орын алған. 30 жастағы Валерий Самойлов пен оның әйелі Елена екеуінің арасында жанжал туған. Жұмыста бастығымен ұрысып қалған ол жұмыстан шығып кетіп ішімдік ішкен. Ал әйелі болса жұбайының қалған ақшасын ішімдікке жұмсап тастамас үшін алып қойған. Ішімдікке сылқия тойған Валерий ертесінде ақшасын іздеп таппайды.

Әйелінің жұмысына барған ол оны 2 рет жұдырықпен ұрып, кассадағы 7 мың теңгені ұрлап кеткен. Полицейлер оны клубтан шыға бере бірден ұстап алған. Сотта өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған Валерий 3 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Қатысты Мақалалар