Н.Назарбаевтың таңдамалы еңбектері қытай тілінде жарық көрді

/uploads/thumbnail/20170710162032659_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы еңбектер жинағы қытай тілінде басылып шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп. Алты бөлімнен тұратын кітапта Елбасы жариялаған маңызды жоспарлар, 2030 және 2050 жылдардың стратегиялық  бағдарламасы,«Бес институционалды реформа», «Ұлт жоспары» және Халыққа Жолдауы жинақталған. Сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік және сыртқы саясаттағы Президенттің баяндамалары да бар. Жинақты шығаруға мұрындық болған Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Ли Юнцюанның айтуынша, көршілес екі ел басшысының достығы қазақ-қытай байланысын жоғары деңгейге көтерді. Соның нәтижесінде «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы  бірін бірі толықтырды. 

Ли Юнцюан, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының директоры:  - Кітапты Маркс пен Ленин шығармаларын қытай тілінде сөйлетіп, Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің шығармаларын өзге тілге ауларуға ат салысқан орталық аударма  агенттігі жасады. Ал Қытайдың ең ықпалды «Халық баспасы» шығармалар жинағының жарыққа шығаруға көмектесті. Елмізге белгілі редакторлар да еңбектенді. Сондықтан бұл қазірге дейін Қытайда жоғарғы деңгейде жарық көрген кітаптардың бірі саналады-деп атап өтті.
 

Қатысты Мақалалар