Із-түссіз жоғалып кеткен Виктория Первухина 10 күн бойы іздестірілген болатын. Жергілікті ІІД-де қыздың танысының үйінде болғаны анықталған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
4 шілде күні таңертең қыздың орналасқан мекен-жайы белгілі болды. Ол Өскеменде танысының үйінде болғандығы белгілі болған. Полицейлер қызды үйіне аман-есен қайтарған.
Виктория үйден кетпес бұрын ақша ұрлап кеткен екен, сол үшін де үйге қайтуға қорыққандығын жеткізді.