Солтүстік Корея сәрсенбі күні жаңа құрылық аралық баллистикалық зымыранды сынағаннан кейін АҚШ қажет болса Солтүстік Кореяға қарсы әскери күш қолданатынын айтты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
БҰҰ тұрақты өкілі Никии Хейли АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы жаңа қарары БҰҰ қарауында екенін айтты. Ол солтүстік корейлік режимге қарсы сауда-саттықты шектейтінін айтты.
Пхеньян егер АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы жаугершілік саясатын тоқтатпаса ешқандай келіссөздер жасамайтынын хабарлады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет