Жемқорлыққа қарсы акцияны ұйымдастырған Навальныйдың штабында тінту жүргізілді

/uploads/thumbnail/20170710162337308_small.jpg

Ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың        Мәскеудегі штаб пәтерінде тінту жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Қылмыстық іздестіру басшысының орынбасары Евгений Тихомировтың айтуынша, өз бетінше билік жүргізу бойынша қылмыстық істі тексеру үшін аталмыш істер атқарылған.

Навальныйдың сайлау штабының басшысы Леонид Волков өзінің Фейсбук парақшасында Тергеу комитетінің қызметкерлері Мәскеудегі жертөледен 205 мың газет пен үнпарақтарды алып кеткенін жазды.

Би-би-си журналистерінің хабарлауынша, штаб пәтердегі есіктердің құлыптарын ауыстырған. Терезелерге тор қойған. Түнде штабта жұмыс істеген ерікті Александр Туровский байланысқа шықпаған.

Кейінірек Леонид Волков еріктінің табылғанын оның соққыға жығылғанын және сот болатынын хабарлаған.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар