Астананың тыныштығын күзететін жауынгерлер саны артады

/uploads/thumbnail/20170710162338525_small.jpg

Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін, сондай-ақ қала тыныштығын күзететін жауынгерлер саны арта түспек деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 

8 шілде күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде 790 жас сарбаз салтанатты жағдайда Отанға ант етеді.

Астана іргесіндегі ТМД бойынша ең үлкен әскери қалашықта құқықтық тәртіп әскерінің жедел мақсаттағы құрамасы орналасқан. Бүгінде бұл қалашықта аталмыш құраманың жеке құрамынан бірге, халықаралық көрме кезіндегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында әскердің басқа өңірдегі әскер бөлімдерінен арнайы келген жауынгерлер де бір отбасындай бірлікте қызмет атқарып келеді. Ұландықтар ауқымды шараның қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген режимдегі қызметке мамырдың 29-інен бастап кіріскен болатын. Осы аралықта түрлі қырағылық танытып, заң бұзушыларды құрықтап, үлгілі қызметімен ерекшеленіп келеді. Апта сайын әскери бөлімнің мәдени орталығында қызметімен ерекшеленген үздік әскери қызметшілерді марапаттауға арналған шаралар өткізіліп тұрады.

Жауынгерлік жолдың жақсы дәстүрлерінен сабақ алсын деген мақсатта, мамырдың соңында осы әскери бөлім табалдырығын аттаған жас сарбаздар мұндай құрметтеу кештеріне әдейілеп қатыстырылады. Қырық күн арнайы оқу пункттерінде жаттығып, әскери өмірдің күн тәртібіне дағдыланып, саптық дайындықтарын шыңдаған жаңа шақырылым да Ант қабылдау рәсімінен кейін қала көшелерінің тынықтығын күзету бойынша жауынгерлік қызметке кірісетін болады.

Ант қабылдау салтанатына Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, өзара ынтымақтастық ететін органдардың, Астана қаласы әкімдігінің жетекшілері, сондай-ақ дін өкілдері, ардагерлер мен оқушылар қауымы және сарбаздардың туған-туыстары қатысатын болады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар