Бір апта бұрын Украинаның банк, аурухана және мемлекеттік мекемелері жаппай хакерлік шабуылға тап болған. Сарапшылар хакерлердің түпкі мақсаты ақша емес екенін анықтады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Би-Би-Си-ге сілтеме жасап.
Ощадбанк ел бойынша 3650 филиал мен 2850 банкоматтар шабуылдалғанын хабарлады.
Жаңа вирус құпия сөзді анықтап, әкімшіліктің құқығын иеленіп, ақпараттарды өшіріп, шифрлап, компьютерлерде қажетті бағдарламаларды іздеп, таңдаулы түрде шабуыл жасауға мүмкіндік алды.
Вирус – ақша бопсалаушы ма әлде елге шабуылдаушы ма?
Украиндық компаниялар өз компьютерлік жүйесінің жұмысын қалпына келтіріп жатқанда, Еуропа мен Американың киберқауіпсіздік бойынша мамандары оның әдеттегі шабуыл емес екенін анықтаған. Оның салдары Украина шекарасынан шетелдерге де таралуы мүмкін екенін хабарлады.
Хакерлер Украинаның инфрақұрылымында цифрлы хаос тудырмақ болған. Бұл Украинаның мемлекеттік институттарына зардап тигізу үшін жасалған.