Жапонияның Кюсю аралында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан лай көшкіні жүріп, 6 адамның өмірін қиды. Сегіз адам жараланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жапония үкіметі елдің оңтүстік-шығысындағы жағдайды төтенше деп бағалайды. Оқиға орнында 7,5 мың өзін-өзі қорғау қызметі, полиция және өрт қызметі жұмылдырылды. 556 Кюсю тұрғынын қауіпсіз жерге көшіру туралы бұйрық шықты.
Түрлі деректерге сай, 500-ге тарта адам жолды су басуына орай ешқайда кете алмаған.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет