Германияда G20 Саммиті кезінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710162421060_small.jpg

Гамбургте  полиция мен қарсылық акциясына қатысушылардың арасындағы қақтығыс жұма күні таң ертең қайта жанданды  деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылар көліктерді өртеп, көшелерді жауып жатыр. Полиция тәртіпсіздік жасағандарды су атқыштармен қууға мәжбүр болған.

Бейсенбі күні бейбіт түрде өтуі тиіс шеру полиция мен митингіге шыққандардың арасындағы жанжалмен аяқталған. Соның салдарынан 76 полиция зардап шекті. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. Полция бетін тұмшалап, «Тозаққа қош келдің» акциясының қатысушыларын ұстамақ болғанда қақтығыс басталған. Қарсылық акциясына 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Саммит өтіп жатқан уақытта қаланың қауіпсіздігіне 20 мыңнан астам полция жауап береді.

Саммит Гамбургте 7 шілдеде басталды. Осы күнге алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин кездесуі жоспарланған

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар