Нигерияда мұнай қоймасы жарылып 30 адам тірідей өртеніп кетті

/uploads/thumbnail/20170717155204618_small.jpg

Нигерияда Калабар еркін сауда аймағында мұнай қоймасы жарылып 30 адам қаза тапты.  Тағы 30 шақтысы зардап шеккен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, қойманың жарылу себебі, жерге шашылған жанармайға жақын жерде шылымның шегуі болуы мүмкін. Үлкен аумақты алып кеткен жарылыс орын алған кезде жұмысшылар жанармайды контейнерлерге құйып жинап жатқан. Куәгерлердің айтуынша үлкен жарылыс бір адамның шылым шегуінің әсерінен болған. Ал тағы бір дерекке қарағанда, жарылыс дәл бір жұмысшының жанармайды ұрлап бара жатқан сәтінде орын алған. Орын алған апатқа байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты Мақалалар