Ақмолада ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170720181429421_small.jpg

Бүгін сағат 14-тер шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы ғимараты жанында сотталушы Ж. құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық прокуратурасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде Целиноград ауданының прокуратура қызметкері мен Ішкі істер бөлімінің тергеушісі оқтан жарақат алды. 
Медициналық жәрдем көрсету үшін жәбірленушілер Астана қаласының № 2-ші қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған факт Целиноград АІІБ Біріңғай сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді.
Жедел іздестіру әрекеттері барысында сотталушы Ж.-ның автокөлігінде оның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Істің тергеу барысы Ақмола облысы прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

 

 

Қатысты Мақалалар