Елімізде сот санкциясы электронды түрде беріледі

/uploads/thumbnail/20170721155600346_small.jpg

Сотқа қағаз тасып, ұзын сонар кезек күтпей, арыз-шағымды үйде отырып жазып, электронды түрде жүгінуге мүмкіндік туды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп. Яғни электрондық сот бұйрығы енгізілді. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында белгілі болды. Әзірге пилоттық жоба ретінде Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотында жүзеге аса бастады. Барлығы арнайы құрылған сервистік жүйе арқылы іске асады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарына байланысты берілетін санкция да электронды түрде беріледі. Тіпті сот отырысының өзі осындай нұсқаға көшуі мүмкін. Қазір қазылардың мәжіліс залдары техникалық тұрғыда жарақтандырылып жатыр. Жоба осы жылдың соңына дейін толық енгізілетін болады. 

Қатысты Мақалалар