Астанада "Лаңкестікке жол жоқ" акциясы басталды

/uploads/thumbnail/20170801095902291_small.jpg

Акция радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлеріне төзімділіктің «нөлдік» сезімін қоғам арасында қалыптастыруға бағытталған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агнттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Радикалды жағдайларға қарсы әрекет етуде қазақстандықтарды идеологиялық фронтқа біріктіруге және ел ішінде тыныштықты сақтауға арналған бастама.  

Акция бастамасы алғашқы рет «Астана» командасының Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундында көтерілген болатын. «Астана Арена» стадионының үлкен экрандарында әлем қақтығысқан - лаңкестік пен экстремизм мәселелері жөнінде елордалық команда жұлдыздары айтқан ролик көрсетілген болатын.

Акцияға бокстан олимпиада чемпионы, 7 дүркін Қазақстан чемпионы Бахтияр Артаев, сондай-ақ Астана қ. дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин қолдау көрсетті. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кездесіп, жобаны талқылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар