Террористер Сиднейден Абу-Дабиге бағыт алған ұшақты жармақ болған

/uploads/thumbnail/20170801100649852_small.jpg

Австралияда  ұсталған террористер  Etihad Airways аталатын эмираттық әуекомпаниясының ұшағын жармақ болған. Оның бағыты- Сидней-Абу-Даби болған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі күні болып өткен  антитеррористік қимылдардан кейін шетелдік басылымдар ұсталғандардың есімдерін жариялады. Олар Халед Мерхи, оның ұлы Абдул Мерхи, Халед Хайат және туысы Махмуд Хайат.

«Бұл төртеуі Сирия содырларымен байланыста бола отырып, ұшақтың көзін жоймақшы болды» деп жазады  Daily Telegraph басылымы. Австралиялық құқық қорғау органдары жоспарланып жатқан терракт туралы АҚШ пен Ұлыбритания арнайы қызметтерінен хабар алғандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта австралиялық әуежайларда енгізілген қауіпсіздік шараларының есебінен жолаушылардың ұзақ кезектері пайда болған.

Дүйсенбі күні елдің премьер-министрі Малколм Тернбулл қауіпсіздік шаралары әлі де белгілі-бір уақытқа дейін сақталатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар