АҚШ вице-президенті: Балтық елдері үшін Ресейден артық қауіп жоқ

/uploads/thumbnail/20170801102007395_small.jpg

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Эстониядағы сапарында Балтық елдері үшін Ресейден артық қауіп жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады Qasmhy.kz ақпарат агенттігі.

Пенстің айтуынша, Мәскеу халықаралық шекараларды күштеп жабуды, егемен мемлекеттердің демократиясына нұқсан келтіруді, Еуропаның еркін елдерін бір-біріне қарсы айдап салуды жалғастырып келеді.

Эстония, Латвия, Литва елдерінің президенттерімен кездесуден соң АҚШ-тың Балтық мемлекеттерінің қауіпсіздігін қадағалайтынына дайын екенін мәлім етті. Ал Ресей Беларусия әскерімен тамызда болатын ірі әскери жаттығуға дайындық үстінде.

Оның үстіне, Пенс Ресейдегі америкалық дипломаттардың қысқаруы АҚШ-тың рухын түсірмейтінін де тілге тиек етті. «Мәскеу қабылдаған дипломатиялық шешім одақтастарымыздың, бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейді», - деді Пенс.

Айта кетейік, АҚШ вице-президенті Майк Пенс жары Каренмен дүйсенбіде Грузияға барды. Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвилимен Тбилисидегі «Мтацминда» мейрамханасында кездесті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар