Бүгін, 7 тамызда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Мен қазақпын» атты халықаралық мегажобаның күнделіктері басталады.
Жобаның мақсаты – дәстүрлі әнші, термеші, күйшілерді, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа замануи форматта насихаттау.
Байқауға Ресей, ҚХР және Моңғолиядағы қазақ өнерпаздары қатысуға мүмкіндік алды. Жоба аясында өңірлердің ән-күйімен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштері, мұражайлары, ел ішіндегі өнерпаздар мен қолөнер шеберлері туралы түсірілім жасалып, әр облыстың жетістігі кеңінен көрсетіледі.
Байқаулар қорытындысы бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада гала-концерт ұйымдастырылатын болады. Жоба көрермендерге Ұлттық арнадан 3-қыркүйектен бастап ұсынылады.
Іріктеу турынан түсірілген күнделіктер Ұлттық арна эфирінен 7-27 тамыз аралығында сағат 21:20-да көрсетіледі.
Пікір қалдыру