КХДР президенті Ким Чен Ын шешім қабылдаса, солтүстік кореялық әскерилер АҚШ-тың Гуам аралығындағы базасына ракеталық соққы жасауға дайын деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме жасап.
Пхеньян АҚШ-тың Гуамадағы базасына алғаш рет 14 мамырда ұшырылған «Хвасон-12» зымыранымен соққы жасауы мүмкін.
Аралда американдық ВВС Андерсен әуе базасы және Апра әскери-теңіз базасы бар.
Бұл – Пхеньянның АҚШ президенті Доналд Трамптың сөзінен кейінгі мәлімдемесі.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп «Егер Солтүстік Корея Америкаға қауіп төндірсе, Вашингтон КХДР-ға «отпен және ашумен» жауап беретінін айтқан.
Сейсенбіге қараған түні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция енгізу туралы қарар қабылдағаннан кейін КХДР қарсы шаралар қолданатынын айтқан. Сонымен қатар, Пхеньян БҰҰ ҚК жаңа қарарын «террорлық актіге» теңеді.
Пікір қалдыру