Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 жарлығымен денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаның негізгі 7 бағыты анықталды:
1. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;
- МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
- Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
- Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
- Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру;
- Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
- Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау көрсеткішіне шолудан бастауға рұқсат берсеңіздер.
Денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында соңғы он жылда барлық негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр:
Адамның өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзартылды.
Күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарды, жалпы адам өлімі 27%-ға қысқарды, ана өлімі 4 есе төмендеді, сәби өлімі 1,6 есе, қатерлі ісік аурулары 20%-ға, туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың саны 5 есе азайды.
Халықтың денсаулығын нығайту және сақтау үшін министрлік келесі шараларды іске асыруда.
Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту
Денсаулықты нығайту және ауруларды алдын алу бойынша тиімді және қолжетімді тетіктерді құру мақсатында қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылды.
Осы тектес қызмет аймақтарда да құрылуда.
ҚДҚ қызметінің негізгі бағыттары – бұл қолданыстағы әдіс-тәсілдер арқылы Қазақстан тұрғындарының денсаулығын қорғау мен нығайту, мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара әрекеттесудің негізінде салауатты өмір салтын ынталандыру (санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринарлық қызметі).
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әлеуетін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша республика халқының арасында 10 жұқпалы ауру бойынша жағдай тіркелмеген, 12 нозология бойынша бірлі-жарым жағдай ғана тіркеліп отыр, 2016 жылдың осы тектес кезеңмен салыстырғанда 26 жұқпалы ауру бойынша деңгейді төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде қызылша ауруы 55 есе, трихинеллез 20 есе, менингококтық жұқпа 3,8 есе төмендетілді.
21 жұқпалы ауруға қарсы тұрғындарға екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың өткен кезең бойынша республикалық бюджет есебінен 2 млн-ға жуық адамға (2337 241) екпе егілді.
47,5%-ға жуығы екпемен қамтылды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес келеді. Екпе егуге жататын 11557 адам екпе алмады, оның ішінде 46%-ы екпеге өзінің жеке көзқарасы бойынша, 42%-ы діни сенім бойынша, 8%-ы екпеге сенімсіздік танытуы бойынша, 4%-ы БАҚ беттеріндегі жағымсыз ақпараттардың нәтижесінде бас тартқан.
Екінші бағыт – МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсету. МСАК дамыту мен жаңғырту, жедел медициналық жәрдемді дамыту, денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктірумен арнайыландырылған медициналық көмекті дамыту қарастырылған.
Елімізде жыл сайын МСАК дәрігерлеріне 50 млн-ға жуық адам тіркеледі. ҚР 1 тұрғынына шаққанда дәрігерге 3 рет кіру тіркеліп отыр. Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымының (ЭӘДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 6,7-ге тең.
Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру және кешенділігін қамтамасыз ету үшін емделушілердің мұқтаждылығы аясындағы денсаулық сақтаудың барлық қызметін біріктіру саясаты жүргізілуде.
Жалпы дәрігерлік тәжірибесінің кіші түрін дамытуға бағытталған МСАК моделі мен құрылымы қайта қаралды. Бір дәрігердің жүктемесін ЭӘДҰ елдерінің деңгейіне дейін азайту үшін 2019 жылы (1500-ге дейін) емxаналарда МСАК үлгілік құрылымдары қарастырылған.
Тіркеу құжаттарын енгізу бойынша МСАК медицина қызметкерлерінің жүктемесін төмендету үшін бастапқы медициналық құжаттардың нысандары бойынша өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде есептік нысандар 30%-ға қысқартылды. Қолға алған шара айтарлықтай МСАК ұйымдарындағы кезекті медициналық қызметкерлердің жүктемесін азайтуға, қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрілік заттармен ТМКМК шеңберінде жалпы 68,3 млрд теңге сомасында МСАК деңгейінде 2 млн диспансерлік ем алушылар қамтылған.
Ағымдағы жылы дәрілік заттар тегін таратылатын аурудың тізімдері кеңейді.
Бірден 3 айға дәрілік заттарды жаздырып алуды жеңілдетудің арқасында тегін дәрілік заттарды алу үшін емxаналарда дәрігердің қабылдауында кезекте тұратын пациенттердің уақыттары едеуір азайтылды.
Тегін дәрілерді ай сайын беру сирек ұшырасатын ауруға шалдыққандар мен қымбат дәрілер үшін сақталады.
Аурудың бес тобы бойынша біріктірілген модель енгізілуде. Бұл облыс көлемінде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша денсаулық сақтау мекемелерін үлестіруді қарастырады.
Біріктірілген модельді енгізу пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және осы аурулар бойынша өлім-жітім жағдайларын төмендетуге мүмкіндік береді.
Республикада жедел жәрдем көрсетуді жетілдіру мақсатында жедел медициналық көмек қызметінің екі деңгейлі моделі құрылатын болады.
Жедел медициналық көмектің орталықтандырылған қызметінің жаңа моделі ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесімен Павлодар мен Қызылорда облыстарында қабылданатын болады.
ҚР-да көп профильді стационарлардағы қабылдау бөлмесінің жаңа форматын енгізу жоспарлануда: триаж-жүйесін енгізу, пациентке бағдарланған тәсілдерін енгізу, қабылдау бөлмелердің кадрлық және материалдық-техникалық жабдықтауларын қайта қарау.
Үшінші бағыттың шеңберінде – медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету медициналық көмектің сапасын басқаруды және стандарттауды, денсаулық сақтауда аккредитация мен лицензия берудің дамуын қарастырады.
Медициналық қызметтің сапасы жөніндегі біріктірілген комиссиясы құрылды.
2016 жылы Біріктірілген бақылау комиссиясында диагностика мен емдеудің 281 клиникалық хаттамасы, 40 медициналық технологиясы және медициналық көмек көрсету ұйымының 8 стандарты мақұлданды.
2017 жылдың 1 жарты жылдығында диагностика мен емдеудің 59 клиникалық хаттамасы, 14 медициналық технологиясы мақұлданды.
Анықтама: 59 клиникалық хаттама: ішкі ми қан құйылуы, торлы қабық астына қан құйылуы, ликвор ағуы, жамбас сүйектің зақымдануы, тексеріс эндо протездеу буыны, тексеріс эндо тізе буындары, омыртқа деформациясының туа бітуі мен жүре пайда болуы, крон ауруы, ойық жаралы колиті, жұқпалы аурулар (иерсиниоз, дифтерия, трихинеллез, лямблиоз, энтеровирусты инфекциясы, туляремия, столбняк) және т.б.
Стоматологиялық және оториноларингологиялық көмекті, аллергологиялық және иммунологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру бойынша стандарттар бекітілді.
Хирургиялық, неонаталды хирургиялық көмекті, жақ-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың стандарттары әзірленді.
Жылдың аяғына дейін 180 клиникалық хаттаманы жетілдіру мен әзірлеу жоспарланды, оның ішінде 98 жаңа және 82 ескі клиникалық хаттамасы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 8 стандарты.
Қазіргі таңда біріктірілген бақылау комиссиясын өзін-өзі реттейтін ұйымға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бәтуаласуда кәсіби қауымдастықтың мемлекетпен бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта оларға мемлекеттік органдардың кейбір міндеттерін тапсыру және іріктеу үшін бекітілген өлшемдерге сәйкес олардың қызметтерін бағалау мақсатында кәсіби медициналық қауымдастықты аккредитациялау жұмыстары жүргізілуде.
Қайта реттеу шеңберінде нақты ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымға 14 міндетті тапсыру жоспарлануда (аккредитациялау, медициналық көмекті көрсетудің стандартын әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу және т.б).
Төртінші – Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясаты.
Өндірушілермен тікелей қарым-қатынас орнату шеңберінде дәрі-дәрмекті сатып алу артуда. Бұл үнемделген қаржыны қосымша дәрі-дәрмекті сатып алуға жолдауға мүмкіндік береді.
Бірыңғай дистрибьютордың жалпы сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі таза табиғи есеппен 75%-ды, қаржылай есеппен 30%- ды құрап отыр.
Аталған Жолдаудағы мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде дәрі-дәрмектің бағасын мемлекеттік реттеу бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар басталды.
Бесінші бағыт – ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру
Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қоры қызмет етуде, барлық өңірлерде оның барлық филиалдары құрылды және басшылары тағайындалды.
Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 30 маусымында ӘМСҚ жарнасы мен аударымның мөлшерін, ӘМСҚ – на жарналары мемлекет аударатын тұлғалардың тізімін анықтауды, сондай-ақ, ӘМСҚ жарнасын төлеушілерді, ӘМСҚ активтерін сақтау мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қайта қарауды қарастыратын Заң қабылданған болатын.
ӘМСҚ енгізуде қоғам санасын дайындау мен қалыптастыру мақсатында халық, жұмыс берушілер, медициналық жұмысшылар арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
6 бағыт – Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру.
Халықтың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі – ЭӘДҰ елдеріне қарағанда жоғары, ал медбикелермен қамтамасыз етілу – керісінше төмен.
Сонымен бірге, негізгі түйіткілді мәселелердің бірі – кадрмен қамтамасыз ету болып табылады, әсіресе, ауылды жерлерде кадрлық дайындаудың сапасы көңіл көншітпейді.
Осыған орай, біз шетелдердің жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік орната отырып, медициналық білімді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Медициналық жоғары оқу орындарының стратегиялық шетелдік серіктестері анықталды, 5 жылға дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қолданбалы бакалавриаттың фин моделінің негізінде медбикелік білімді жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Қазіргі таңда алты пилотты колледжде 320 адам дәріс алуда.
7 бағыт. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау мекемелерінің желісін дамытуды, медициналық техниканы пайдаланудың тиімділігін арттыруды, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әрі қарай дамуын қамтамасыз етуді қарастырады.
Денсаулық сақтау саласында 63 МЖМӘ жобаларын әзірленуде, оның ішінде 2 республикалық концессиялық жобасы, 61 жергілікті жобасы.
Қазіргі таңда жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын 11 жергілікті жоба бойынша МЖМӘ келісім – шарты жасалды(оның ішінде 2017 жылы 10 млрд теңге сомасында МЖМӘ 10 жоба бойынша) оның ішінде: Павлодар облысында 4 жоба, Ақтөбе облысында - 3, Қостанайда - 1, Ақмолада - 1, Қызылорда облысында - 1, Оңтүстік қазақстан облысында - 1.
Жоғарыда аталған МЖМӘ келісім-шарттар 5 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімде жасалған.
10 жергілікті Денсаулық сақтау нысаны бойынша сенімді басқару шарты жасалды, оның ішінде Жамбыл облысында – 8. Ақтөбеде – 1, Алматы – 1.
2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы жекешелендірудің кешенді жоспарының шеңберінде 7 облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жекешелендірілді.
Ағымдағы жылы электронды денсаулық құжатын енгізу бойынша жоба жалғасын табады. Бұл адам өмірінің соңына дейінгі денсаулығы жайында мәліметтің тіркелуіне мүмкіндік береді.
Электронды денсаулық құжаты бірыңғай біріктірілген платформаға орналастырылады. Бұл пилотты қолдануды іске асыру 2017 жылдың аяғына дейін жоспарлануда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін медициналық мекемелер ақпараттық жүйемен 50%-ға, 2018 жылдың аяғына дейін 100%-ға қамтамасыз етілетін болады. Бұл 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық мекемелердің қағазсыз жұмыс форматына көшуіне мүмкіндік береді.
Қабылданған шаралар мемлекет басшысы қойған міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуі және адамның өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін артылуы тиіс. Елбасының үкімет алдына қойып отырған негізгі тапсырмаларының бірі – осы.
Пікір қалдыру