Денсаулық министрлігі: Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет

/uploads/thumbnail/20170809113943300_small.jpg

Қазақстанда медицина мамандарының кәсіби дайындығы көңіл көншітпейді. Әсіресе, ауылдық жерлерде медициналық қызметтің сапасы төмен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаеваның айтуынша, бүгінде шетелдің жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, еліміздің медициналық білімін жаңғырту шаралары қолға алынып отыр. «Осыған орай, медициналық оқу орындарының стратегиялық серіктестері анықталды. Қазіргі кезде бесжылдық даму жоспары дайындалып жатыр. Финляндияның тәжірибесі негізінде бакалавриат бойынша медбикелік білімді жаңғырту шаралары да қолға алынды. Бүгінде алты колледжде пилоттық жоба аясында 320 адам дәріс алуда», – деді Ақтаева бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Алайда дәріс алып жатқандардың барлығы бірдей ауылға бармайды. Себебі, оларды міндетті түрде ауылды жерлерге жіберу қарастырылмаған.  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жобаларды басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиевтің сөзіне қарағанда, жаңа жүйе бойынша білім алып жатқан мамандар ауылға бара ма, жоқ әлде, қалада қала ма, оны өздері шешеді. «Негізі, жергілікті билік, яғни әкімдіктер медициналық колледждермен байланыс орнатып, мамандарды өздеріне шақыра алады. Сөйтіп, ауылдың медицинасын көтеруге мүмкіндік бар. Сосын қазіргі фин моделі бойынша қолға алынған шаралар болашақта барлық республикаға таралады. Демек, ол тәжірибе ауылға да жетеді», – деп атап көрсетті Т.Сұлтанғазиев. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар