«Дональд Трамптың президенттік өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін», – деді АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор.
«Трамптың эксперименті басталғанына алты-ақ ай өтті. Мұндай бірқатар эксперименттер кейде этикалық себептерге байланысты мерзімінен бұрын аяқталады», – дейді ол.
Альберт Гордың мұндай мәлімдеме жасауына – Трамптың климат мәселелеріне қатысты Париж келісімінен бас тартуы себеп болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор жақын арада жаңа басшының пайда болатынына сенім білдірген және көшбасшы жаһандық жылыну мен климат мәселелерін қолға алады дейді.
Пікір қалдыру