Нигерияда Боко Харам содырлары 31 балықшыны өлтірді

/uploads/thumbnail/20170809122403205_small.jpg

Нигерияда Боко Харам содырлары 31 балықшыны өлтірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net мәліметіне сүйеніп.  Ер адамдар  Чад көлінде балық аулаған. Боко Харам содырларының шабуылынан 31 балықшы қайтыс болды.

Агенттіктің мәліметінше, содырлар балықшыларға Чад көлі мағындағы Дугури мен Дабар Ванзам аралдарында шабуыл жасаған.  Балықшылардың бірінің айтуынша, шабуыл жасаушылар екі топқа бөлінген.

Осыдан бір апта бұрын Нигерияның билік басындағылар Чад көлінде балық аулауға тыйым салған.

Сонымен қатар, Боко Харам содырлары 1 шілдеден бастап 113 адамды өлтірген деген мәлімет те бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар