ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы болып Людмила Бюрабекова тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170809125045241_small.jpg
ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы болып Людмила Бюрабекова тағайындалды 

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы – Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы – Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – дәрігер, дәріші, іскери әкімшіліктендіру магистрі.

2014-2015 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президентінің Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Медицина қызметінің аға лейтенанты атағына ие.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар