Қытайдағы жер сілкінісінен 175 адам зардап шекті, оның ішінде 28 адамның өмірі қыл үстінде тұр. Жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батыс жағында орналасқан Сычуань провинциясында болды. Салдарынан 13 адам көз жұмды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі news.cctv.com мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Құтқару жұмыстарына 1300-ден астам адам жұмылдырылған. Олардың ішінде медициналық көмек көрсетушілер мен құтқарушылар, полиция қызметкерлері бар.
Естеріңізге сала кетсек, 6,5 баллдық жер сілкінісі Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да орын алды.
Пікір қалдыру