Алматыда екі жолаушы көлігі соқтығысқан жол апаты орын алды

    Nazerke Musa
    Алматыда екі жолаушы көлігі соқтығысқан жол апаты орын алды

    Алматы облысында Жапек батыр ауылында екі жолаушы автобусы соқтығысып, жол апаты орын алды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

    Төле би көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан 405-нөмірлі автобусқа қарсы бағытта келе жатқан 282-нөмірлі автобус соқтығысқан. Соқтығыс нәтижесінде автобустың орындықтары сынып кеткен. Жүргізушілер нақты қанша жолаушының зардап шеккені туралы ақпарат бермеген. Куәгерлердің сөзінше, оқиға орнына 3-4 жедел жәрдем көлігі келген. Жол апатына қатысты полиция зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025