Сирияда әуе соққысынан 29 адам қаза болды

/uploads/thumbnail/20170809144111236_small.jpg

Жергілікті жердегі құқық қорғаушылар мәліметінше, қаза болғандардың қатарында 14 адамнан тұратын үлкен отбасы да бар.  Олар бос қалған Пальмирден келген тұрғындар.

Сирияның Ракка қаласында АҚШ басқарып отырған халықаралық коалицияның әуе соққысы нәтижесінде 29 бейбіт тұрғын қаза болды. Олардың 14-і балалар. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Әзірге коалиция аталмыш оқиға туралы мәлімдеме жасамады.

Айта кетсек, біраз уақыт бұрын Ислам мемлекеттерінің 2 мыңға жуық содырлары күн көріс үшін Ракка қаласында қалуды ойлаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар