Ауғанстанның солтүстігінде шалғайда орналасқан ауылдан Талибан содырлары 235 тұтқынды бостандыққа шығарды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы AFP хабарлады.
Тұтқындарды босатуға жергілікті жердің үлкендері мен билік басындағылардың арасындағы келіссөздер әсер етті. Айта өтсек, тұтқындардың ішінде әйелдер мен балалар да бар.
Сонымен қатар, содырлар әлі қанша адамды ұстап отырғандары белгісіз. Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, бұл ауылда тағы 100-ге тарта тұтқын болуы мүмкін.
Сенбі күні Талибан мен Ислам мемлекеттері содырлары осы ауылда 50 шақты ер мен әйел, балаларды өлтірді. Қаза болғандардың басым бөлігі шиіттер.