Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 11275 га жер өртенген

/uploads/thumbnail/20170810113838116_small.jpg

Бұл туралы Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қойбақов Серік Мамыртайұлы айтып өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Серік Мамыртайұлының өз баяндамасында, орман қоры аумағындағы 614 орман пайдаланушылармен өртке қарсы күрес шараларын ұйымдастыру жөнінде келісімшарттар жасалып, олардың жауапкершіліктері атап көрсетіліп, жоғары талаптар қойылды.

2017 жылдың 10 сәуір айынан бастап Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ Авиациалық Орман Күзету» мекемесінің  1 ұшағы мен  1 тікұшағы арқылы облыс орман қорының 3,2 миллион гектары әуеден күзетілді. «Ұлттық ғарыш сапары» акционерлік қоғамы арқылы облыстағы дала және орман өрттері бақылауына мониторинг жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылға қаулысы қабылданды. Облыс әкімдігінің төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасымен  2017 жылы 6 маусымындағы Қазақстан Республикасымен Қырғыз Республикасының трансшекаралық  аумақта,  табиғи өртті сөндіруге сәйкес өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізу бойынша бекітілген нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, ағымдағы жылдың 9 маусымында үлкен көлемді оқу-тәжірибелік жаттығу өткізілді. Облыстық орман қоры жерінде 4 орман өрті 11275 га жерде тіркелінді. Ағымдағы жылдың 23 маусым күні сағат 1009 Қосқұдық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің орман қорында найзағайдың әсерінен орман өрті байқалды. Ауа-райының ыстығы +39 градус және желдің жылдамдығы 23-25 м/с болғандықтан орман өрті үлкен көлемге ұлғайып, Мойынқұм мемлекеттік мекемесінің жеріне кірді. Өрт өшіруге 121 адам, 28 техника , оның ішінде 12 трактор соқасымен қатысты. Өрт 24 маусым сағат 0400 оқшауланды (локализовано). 26 маусым  2017 жылы сағат 19-00 толығымен  жойылды. Өрттің үлкен көлемге ұлғайуы: ауа райының ыстықтығы, желдің қатты тұруы, радиобайланыстың  төмен деңгейі және аудан көлемінде көмектескен техниканың (трактор соқасымен) аздығы.

Бүгінгі таңда Мойынқұм, Қосқұдық, Жуалы және Байзақ аудандарында орын алған өртке қызметтік тексеру материалдары ішкі істер органдарына жіберілді. Орман қорында өрт жіберген үшін Қосқұдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н. Нұрмолдаевқа, Жуалы мемлекеттік мекемесінің директоры А. Муртазаевқа қатаң сөгіс, Байзақ мемлекеттік мекемесі директорының м. а. Қ. Жасұзақовқа және Мойынқұм мемлекеттік мекемесі директорының м. а. К. Абайға сөгіс берілді.

Қазіргі таңда басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің мамандары орман қорына өрт жібермеу мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті іс-шаралар жасалынып жұмыс атқарылуда.

Өрт қауіпсіздік іс-шараларының орындалуы басқарманың тұрақты назарында және  бақылауында, – деп айтты басқарма басшысы Серік Мамыртайұлы.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар