Ирактың вице-президенті болып екі бірдей әйел сайланды

/uploads/thumbnail/20170810130413681_small.jpg

Иран президенті Хасан Роухани Ислам Республикасының вице-президенті етіп екі әйелді сайлады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  АР мәліметіне сүйеніп хабарлайды.  

Масумех Эбтекар әйелдер мен отбасы ісі жөніндегі вице-президент болып сайланса, Лайя Джонейди заң мәселелері жөніндегі вице-президент атанды.

Сонымен қатар, Роуханидің азаматтық іс жөніндегі кеңесшісі болып Шахиндохт Молаверди сайланды.

Агенттіктің мәліметінше, Роухани билік басына келген уақыттан бері билік басында әйел министрлер болмаған. Алайда Ирак президенті әйелдердің құқығына жақсы көзқараста екенін танытқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар