Әйгілі Мэрилин Монроның соңғы фотосессиясында түскен сирек суреттері аукционда сатылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Бұл суреттерді фотограф Джордж Баррис Лос-Анджелесте "Cosmopolitan" журналы үшін түсірген. Фотолар 1962 жылы түсірілген. Екі айдан кейін Монро дүние салған. Одан бері 55 жыл өтті.
Paddle8 аукцион үйі еш жерде жарияланбаған 150 суретті сатылымға шығарып отыр. Мэрилин Монроның суреттері 8 мың доллардан 24 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін.