Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарының допинг сынамаларында ешқандай рұқсат етілмеген дәрумендер табылмаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) ресми сайтының мәліметі бойынша, Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйым (WADA) сынамалардың таза екенін және рұқсат етілмеген препараттардың табылмағанын мәлімдеген.
Айта кетейік, Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарына 57 елден 1621 спортшы қатысқан. Ал Австриядағы лабораторияға 216 қан сынамасы тапсырылды.