Йеменде тараған тырысқақ ауруынан жапа шеккендердің саны 480 мыңға жетті. Бұл жайында БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеді деп жазады qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, тырысқақ ауруы Йеменнің барлық жерінде жайылған. 2000-ға жуық адам аурудан көз жұмды.
Дюжарриктің айтуынша, алдағы уақытта науқастардың саны азаяды. Алайда алда жаңбырлы маусымның келуіне байланысты жұқпалы ауру қайта таралуы мүмкін.