Мысырда пойыз апаты құрбандарының саны артуда. Соңғы мәлімет бойынша, 44 адам ажал құшқан. Жарақат алғандардың саны 130-дан асады деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше Александрия қаласының маңында болған. Каир-Александрия пойызы Порт-Саид Александрия пойызымен соқтығысқан. Салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кетті. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайға адам факторы себеп болуы мүмкін. Өйткені теміржол бойындағы семафорды іске қосатын қызметкер қателік жіберген деген болжам бар.