Үндістанның Уттар-Прадеш штатында мидың қабынуы салдарынан және 9 тамыздан бері ауруханаға науқастар уақытылы жеткізілмегендіктен 30 бала көз жұмды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Ауруханалардың біріндегі Р.С.Шукла есімді дәрігердің айтуынша, балалар оттегі жетіспеу салдарынан көз жұмған. Ал ауруханаларда оған еш жағдай жасалмаған. Қайтыс болғандардың барлығы бірнеше айлық сәбилер мен 12 жасқа дейінгі балалар.