Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде техникалық көмек көрсету, теміржол тарифтерін сәйкестендіру, азаматтарға қойылатын көші-қон талаптарын жеңілдету салаларындағы мәселелер талқыланды.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың 2017–2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеудегі елеулі ілгерілеуді атап өтті, ол екі ел арасындағы таяу келешекке бағдарланған стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудың Жол картасына айналуы тиіс.

Бұдан өзге, Премьер-министрлер екі тараптың қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын межелеу бойынша Шартқа қол қоюға әзірлік деңгейін бағалады.
Сонымен қатар екі елдің өңірлік ұйымдардағы, соның ішінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің аясындағы өзара іс-қимылы тақырыптары қозғалды.