Иранның әскери-теңіз күштерінің контр-адмиралы Хабиболла Сайяри ирандық флотты Атлант мұхитының батысына бағыттайтыны туралы доспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз Атлантикаға келдік. Жақын арада мұхиттың батысына қара бағыт аламыз»-деді Иран әскери-теңіз күштерінің басқарушысы.
Айта кетейік, Сайяри Тегеранның кемелерді Атлант мұхитына бағыттайтыны туралы алғаш қараша айында айтқан болатын. Иран ӘТК 44-флотилиясы Атлантикаға ОАР порттарының біріне кірген соң бағыт алған.